Өнер мәңгі өмір сүреді: Алматыда Болат Аюхановты еске алды

Өнер мәңгі өмір сүреді: Алматыда Болат Аюхановты еске алды

155 rob

Фотосурет: Алматы мәдениет басқармасы

2023 жылғы 7 желтоқсанда ҚазКСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Болат Ғазизұлы Аюхановтың құрметіне мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шараға Алматы қаласы Мәдениет Басқармасының мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы Арман Халбеков, Болат Аюхановтың жары — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Райхан Унгарова, М.Ю. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Мағира Қожахметова мен Гүлфида Гафурова, Мемлекеттік академиялық би театры директорының м. а. Елена Толмачева және т. б. қатысты.

Болат Аюханов 1955 жылы Алматы хореографиялық училищесін бітіріп, 1955-1957 жылдары Ленинград хореографиялық училищесінде тағылымдамадан өтіп, оқуын аяқтағаннан кейін Алматыға оралды. 1964 жылы Алматы хореографиялық училищесін көркемдік жетекші ретінде басқарды, сонымен бірге 1967 жылы тамызда құрылған «Жас балет «Алма-Аты» ансамблінің солистер сыныбын дайындап, оның тұрақты жетекшісі болды. Болат Аюханов 250-ден астам балет қойылымдарының, оның ішінде концерттік нөмірлердің авторы. Оның шығармаларын Ресей, Германия, Швеция, Англия, Финляндия, Үндістан, Франция, Италия, Ирак, Иордания, Сирия және Түркияның әлемдік сахналары көрді.

«Болат Аюханов ағамыздың көзі тірі болса, биыл 85 жасқа толар еді. Десе де, ол ерекше өнерімен, бірегей талантымен артына өшпес із, өлмес өнеге қалдырды. Елімізде би өнерін дамытуға зор үлес қосты. Қаншама шәкіртті өнерге баулыды» Алматы қаласы Мәдениет Басқармасының мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру  бөлімінің басшысы Арман Халбеков

Мемориалдық тақта Назарбаев көшесі, 44 үй мекенжайында орнатылған.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика