Неге 150 мың қазақстандық қол қойған петицияның күші болмайды? Вице-министр түсіндірді Кеше, 14:33

Неге 150 мың қазақстандық қол қойған петицияның күші болмайды? Вице-министр түсіндірді
Кеше, 14:33

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров 150 мыңнан аса дауыс жинаған петицияның неге күші болмайтынын түсіндірді, — деп хабарлайды

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:depositphotos.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров 150 мыңнан аса дауыс жинаған петицияның неге күші болмайтынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Онлайн петиция 2024 жылдың сәуірінен бастап заңды күшіне енеді, өйткені заң қазанда қабылданды, қабылданғаннан кейін 6 айдан кейін күшіне енеді. Сәуірден бастап петиция беруге барлық заңды негіз болады. Қазіргі уақытта бұл заңмен реттелмеген және қарастырылмайды», — деді Қадіров Сенат отырысында.

Оның айтуынша, 150 мың дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның Қазақстанда заңды күші жоқ.

«Әр азаматтың дауысы өте маңызды екенін түсінуіміз керек, адам «eOtinish» (азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну платформасы – еск.) арқылы өтініш беруге құқылы. Сәуірде петицияға арналған платформа жұмыс істей бастайды, қазақстандықтар өздерінің заңды құқықтарын пайдалана алады», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Оның айтуынша, мәслихат деңгейінде кемінде 2500, үкімет деңгейінде 50 мыңнан аса дауыс жинау керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика