234 Awrora
Фотосурет: yandex.kz
Алматыда Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Алматы әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ерболат Досаев театрдың Алматы өміріндегі ерекше орын атады. 2021 жылы ғимарат қаланың тарихи мұрасы ретінде танылды. Косметикалық жөндеудің орнына күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданды.
«Мердігерлер косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды, бірақ меніңше, театрға одан пайда жоқ. Мемлекет басшысына сыртқы қасбетті күрделі жөндеумен қоса, қосымша құрылысқа байқау жариялауды ұсындым. Содан кейін жобаны әзірлеуге көшеміз. 80 жылдық мерейтойға орай, күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырғанымызды театрдың шығармашылық ұжымымен бөлісемін. Қала жаңа театрмен толығады» Ерболат Досаев
Источник: qazaq.asia