153 Арман
Фотосурет: Gov
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк автокөліктерінің тоқтап қалуына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
БАҚ-та «Нұр Жолы» кеден бекетінде жүк автокөліктерінің тоқтап қалуы туралы ақпарат жарияланды.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық азаматтардың тауарлары тиелген ондаған автокөлік құралдары Қытаймен шекарадағы – «Нұр Жолы» кеден бекетінде 11 күннен астам уақыт бойы тұр.
Бүгінгі таңда жүк автокөліктерінің жиналуына жол бермеу үшін бүкіл сыртқы шекарада «CarGoRuqsat» электронды кезегі сәтті жұмыс істеуде.
Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр Жолы» кеден бекетінде автокөлік құралдарының жиналуы жоқ екенін хабарлайды.
Тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында «Нұр Жолы» кеден бекеті тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-мен бүкіл шекарада автокөлік құралдарының жиналуы жоқ екенін, барлық кеден бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.
Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және алу мақсатында, дұрыс емес декларациялау тәуекелдеріне күдік болған жағдайда, кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Бақылау шараларының бірі көлік құралдарында ілеспе құжаттарда мәлімделмеген тауарлардың болу тәуекелдері болған жағдайда тағайындалатын және кезектілік тәртібімен жүзеге асырылатын тексеру болып табылады.
Источник: qazaq.asia