Нөмірлердің орнына адамдар: Қазақстаннан келген ғалымның ақылды тұрағы

Нөмірлердің орнына адамдар: Қазақстаннан келген ғалымның ақылды тұрағы

262 rob

Фотосурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ЖОО қызметкерлеріне арналған бет-әлпетті тану технологиясы бар тұрақ кеңістігін басқарудың зияткерлік жүйесін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы Анет Ибраимов әзірледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Студенттер арасында автокөлік иелері көп болғандықтан оқу орнының қызметкерлері мен оқытушыларына көлік қоятын орын болмай қалады. Автотұрақты бір ретке келтіруді ойлап, резервтелген тұрақ орындарын қамтамасыз ету үшін «SmartParking» ақылды тұрағын ойлап таптым», — дейді автор.

Бейнетіркеу жүйесі жүргізушінің (қызметкердің) бет-әлпетін анықтай отырып, резервтелген орындардың бірінің құлпын лезде ашуды жүзеге асырады. Шлагбаумды ашу немесе жабу туралы шешім автоматты түрде қабылданады.

Тұрақ жүйесінде пайдаланып жүрген бейнетіркеу автомобильдің тек қана мемлекеттік нөмірлерін оқитын болса, бұл жүйенің ерекшелігі бет-әлпетті тану технологиясын қолдануында.

Анет Ибраимовтың айтуынша, бағдарламаның толыққанды жұмыс істеуі үшін мәліметтер базасына жүргізушінің бір ғана фотосуреті қажет. Сонымен қатар, жүйе жүргізушіге ата-аналарына, жұбайларына немесе балаларына тиесілі кез келген мемлекеттік нөмірлері бар көлікті пайдалануға мүмкіндік береді. Мобильді қосымшаның көмегімен тұрақ орнын брондау жеткілікті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика