Миллиард теңге ұрланған: «Қазарнаулыэкспорт» қызметкерлері ұсталды 10 қараша 2023, 16:17

Миллиард теңге ұрланған: «Қазарнаулыэкспорт» қызметкерлері ұсталды
10 қараша 2023, 16:17

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


ФОТО: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

«Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. Соталды тергеу басталды», — делінген ҚМА мәліметінде.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

«Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады», — деліәнген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика