171 Арман
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан «МF GROUP TWO» ЖШС Еуразиялық Экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 29 маусымындағы № N 77 шешімі негізінде, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылатын МемСт (ГОСТ) 30804.6.4-2013 (IEC 61000-6-4:2006), МемСт (ГОСТ) 30804.6.2-2013 (IEC 61000-6-2:2005) және МемСт (ГОСТ) 15150-69 мемлекеттік стандарттары талаптарын бұзғаны үшін, яғни, мерзімі өтіп кеткен МемСт – тың талаптарын басшылыққа алып, сәйкестік декларациясын рәсімдегені үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 415-1 бабының 1-ші бөлігі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 597 285 тенге айыппұл салынды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Серіктестік белгіленген мерзімде мемлекеттік бюджетке айыппұлды толығымен төледі.
Источник: qazaq.asia