198 rob
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі
Тәуелсіздік мерекесіне орай Аягөз гарнизоны танк әскери бөлімінде Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, ерекше көзге түскен мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға құрмет көрсетіліп, ата-аналарына бөлім командирінің алғыс хаты табыс етілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шара барысында бөлім командирі полковник Дәулет Сүттібаев сарбаздары мерекемен құттықтап, борыштарын адал атқарып жүрген сарбаздарға өз алғысын білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, осындай ерік-жігері мықты сарбаздарды дүниеге әкеліп, адал тәрбие берген ата-аналарына рақметін айтып, арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Жиын соңында сарбаздар бөлім командиріне өз еңбектерін бағалап, сенім білдіргені үшін ризашылықтарын айтып, естелік суретке түсті.
Источник: qazaq.asia