Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі қалай өзгереді?

Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі қалай өзгереді?

275 Арман

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің а.ж. 31 қазанда өткен кезекті отырысында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу тәртібі және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде іске асырылып отырған пилоттық іріктеу жобасының мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іріктеудің жаңа жүйесі ағымдағы жылдың 1 наурызында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, көлік, өнеркәсіп және құрылыс, сауда және интеграция министрліктерінде, сондай-ақ Ақмола облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерінде басталды.

Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа форматтағы іріктеу жүйесінің бірқатар артықшылықтарына назар аударды. Мәселен, жаңа формат үміткерлерге кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимінде бос лауазымдарға конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді. Ал адам факторының әсерін болдырмау үшін кандидаттарға ID нөмірлері беріледі және осылайша олардың деректері иесіздендіріледі. Артықшылықтар арасында тестілеу көзделген нормативтік құқықтық актілер санының екі еседен астам қысқаруы (9-дан 4-ке дейін) атап өтілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері отырыс нәтижесі бойынша пилоттық жобаға сенімнің артып отырғанын атап өтті. Мұны пилоттық мемлекеттік органдардағы бір лауазымға үміткерлердің орташа үлесі бір орынға 5,8 адамды құрап отырғаны нақты көрсетіп отыр. (қолданыстағы іріктеу жүйесі бойынша бұл көрсеткіш 1,7 адамды құрайды).

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика