195 Awrora
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық мониторинг қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Оның 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын негізгі қағидаттардың бірін айқындайды.
Бұл туралы ОКҚ алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық мониторинг» тақырыбында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.
«2015 жылғы қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен тең дәрежеге қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне ресми түрде жатқызып, осы мәселеде ерекше рөлін бекітті және мұның айқындалған негізі бар. Өйткені мемлекеттен тәуелсіз болатын қоғамдық ұйымдар объективті, әділ, бейтарап баға беруші мен бақылаушы бола алады. Мұндай стандарттар әлем бойынша қолданылып, нәтижесін көрсетуде» Дидар Смағұлов
Источник: qazaq.asia