Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев кәмелетке толмаған баланың №4 мектеп оқушыларына шабуыл жасаған оқиғасын тергеу туралы баяндады.
Әлихан Смайылов Петропавлда болған оқыс жағдай халық арасында алаңдаушылық тудырғанын атап өтті.
«Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек», — деді премьер-министр.
Сондай-ақ, ол:
- Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді;
- Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды;
- Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia