Медицинадан тыс есірткі құралдары: депутаттар түбегейлі шаралар ұсынады

Медицинадан тыс есірткі құралдары: депутаттар түбегейлі шаралар ұсынады

165 rob

Фотосурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев / Мәжілістің Баспасөз қызметі

Мәжілісте есірткі қылмысына қарсы күрес шараларына арналған Үкімет сағаты өтті. Қазіргі ахуал бойынша Ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндама жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

БҰҰ мәліметі бойынша есірткіні пайдалану мен заңсыз айналымының, әсіресе ұйымдасқан есірткі айналымының ауқымы барлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева бұл мәселе Қазақстанда да өзекті екенін атап өтті.

Елімізде есірткінің жыл сайынғы заңсыз айналымы шамамен 25 тоннаны құрайды, оның 95 пайыздан астамы каннабис тобындағы есірткіге, 5 пайызға жуығы синтетикалық есірткіге, 1 пайыздан азы апиынға, героинге және заттардың өзге де түрлеріне тиесілі екенін атап өту қажет. Елімізде есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар тұрақты қолға алынып жатқанына қарамастан әлі де шешілмеген проблемалар бар Дания Еспаева

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қазіргі уақытта синтетикалық есірткінің жаппай таралуы өзекті мәселе екенін айтты. 2019 жылға дейінгі заңнама қауіпке тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік бермегендіктен Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жаңа заң жобасы әзірлеген. Онда есірткінің құрылымдық элементтерінің «аналогтары» және «алмастырғыштары» ұғымдары енгізілді, бірақ кейбір нормалардың Конституцияға сәйкестігі күмән тудырды.

Маңызды шешімдердің нәтижесінде депутаттар «революциялық» түзетулер пакетін қабылданды. Бұл жұмыстың нәтижесін әлі де көріп келеміз. Біріншіден, жаңа психикалық белсенді заттарды бақылауға алудың нақты тетігі құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда қауіпті есірткінің барлық белгілі түрі бақылауда. Екіншіден, оларды тізімге қосу процедурасы 1 айдан аз уақыт алады. Бұл үшін Еуразиялық Одақ елдерінің тізбелерінде немесе БҰҰ Халықаралық комитетінің ұсынымдарында есірткі заттарының болуы жеткілікті. Үшіншіден, есірткінің жаңа түрлері елімізде іс жүзінде пайда болмай тұрып бақылауға алынады Ержан Сәденов

Министрдің сөзінше, осы түзетулер күшіне енгеннен кейін соңғы 5 жылда «синтетикалық есірткіні» тәркілеу көлемі 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өскен. Сонымен қатар жыл басынан бері 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ пен 75 жасырын есірткі зертханасы жойылды, олардан 185 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлар мен зертханалық құрал-жабдықтарды заңсыз әкелгені үшін белгіленген. Іс жүзінде біз есірткі өндірушілерінің өз тауарын сатуға кіріскен уақытын күтуге мәжбүрміз. Бұл мәселені шешу үшін Ішкі істер министрлігі Сенат депутаттарымен бірлесіп, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін тиісті заң жобасын әзірледі. Ол қазір Мәжілістің қарауында Ержан Сәденов

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Атагелді Язлыев те баяндама жасады. Ол трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күрес орталығының осы жылдың 9 айында атқарған қызметінің қорытындысы туралы ақпарат берді.

 Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева қосымша баяндамасында 2014 жылдан бастап есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекске ауыстырылғанын, тыйым салу тек қоғамдық орындарға ғана қарастырылғанын атап өтті.

Нәтижесінде биыл медициналық емес мақсатта 89 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 30-ы ғана сотқа жеткен. «Қоғамдық орын» деген маңызды тармақ болғандықтан, есірткіні қолданатындар үйде қолдандым деп жауапкершіліктен оңай құтыла алады, бұл заңды. Биыл медициналық емес мақсатта 370 мыңға жуық факті анықталды Снежанна Имашева

 Осыған орай, депутаттар қоғамдық орындарда медициналық емес есірткіні қолдануды қылмыстық, ал қалған жағдайда әкімшілік заңмен жазалауды ұсынып отыр. Бұл қадамдар дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта пайдалануға толық тыйым салуды қамтамасыз етуі керек.

 Сондай-ақ Снежанна Имашева кеден және шекара бекеттерін, сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, нашақорлық пен есірткі қылмысының және  құқық қорғау қызметкерлерінің есірткі бизнесіне қатысуын алдын алуға байланысты нақты шаралар ұсынды.

Депутаттар есірткі қылмысымен күреске қатысты түйткілді мәселелерді ортаға салды. Айтылған ұсыныстар апта соңына дейін жинақталып, Үкіметке жолданатын болады.

 Үкімет сағаты аясында Мәжіліс ғимаратында Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен танымдық көрме өтті. Депутаттарға есірткі қылмысымен күресу бойынша интерактивті карта, есірткі зертханасы мен есірткі тренажерларының үлгілері, Ұлттық ұланның киімдері мен арнайы техникасы көрсетілді. Кинологиялық қызмет үй жануарларының есірткі заттарды анықтаудағы жұмысын таныстырды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика