210 rob
Фотосурет: Алматы әкімдігі
Тау шаңғысы курортының аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өтініші бойынша «Медеу-Шымбұлақ» жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
16 желтоқсаннан бастап кіруге 09:00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін электромобильдер, таксилер және техникалық қызметтердің арнайы көліктерінің жүргізушілері үшін рұқсат етіледі. Бұл күні жаяу жүруге қатаң тыйым салынады, тек студенттік соқпақ арқылы қолжетімді.
Жексенбі және мереке күндері жол жүру барлығына ашық, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілердің өміріне қауіп төнбейді.
Еске салсақ, «Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайында тастардың құлауы салдарынан болған зардаптарды жою бойынша жүргізілген кешенді жұмыстарға байланысты көлік қозғалысы шектелген болатын.
Ағымдағы жылдың 25 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін бұрғылау қондырғыларын қолдана отырып, кедергілерді тазарту және беткейлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жол бойында нөсер кәрізі салынады.
Кешенді жұмыстар қыс бойы жалғасады және 2024 жылдың күзінде аяқталады.
Источник: qazaq.asia