184 rob
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында «Әскери қызметшілер арасында құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында ақпараттандыру сағаты өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ойынға тәуелділік немесе «құмар ойындар» қоғамның барлық салаларында белең алуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша, Қазақстанда лудоманиямен ауыратындардың саны 36 мың адамға жетті.
Психикалық ауытқудың диагностикалық және статистикалық нұсқаулығында — құмар ойындар импульсті бақылаудың бұзылуы санатына жатады. Ойыншылар көбінесе заңды бұзады және түрмеге жабылады. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, өткен жылы 20% немесе 31 мың қылмыстық істер құмар ойындармен байланысты болған. 3676 суицид жасалды, әрбір бесінші адамды құмар ойындары жеңіп кеткен Медициналық психолог, қазақстандық когнитивті мінез-құлық терапиясы қауымдастығының президенті Евгений Ян
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексіне өзгерістер енгізілді, олар қызметкерлерді қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемелеріне барудан бас тартуға міндеттейді.
Источник: qazaq.asia