Мал шаруашылығы саласы субсидиясыз жұмыс істеуге дайын

Мал шаруашылығы саласы субсидиясыз жұмыс істеуге дайын

198 rob

2023 жылғы 27 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын басшыларымен өткен кезекті іскерлік таңғы аста мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге ет нарығының технологиялық тізбегінің буындарын құрайтын барлық өндірістер мен ұйымдардың өкілдері келді: салалық бірлестіктер мен сауда желілері одағы, асыл тұқымды репродукторлар мен бордақылау алаңдары («Азат Агро» ЖШС, «Актеп» КТ, «Терра» КТ, «Атамекен-Агро» ЖШС), ірі қара мал өсіру, ет өңдеу және консервілеу («Кублей» ЖШС, «Beefexportgroup» ЖШС, «Астана Агропродукт» ЖШС, «БИЖАН» ет өңдеу зауыты), салқындатылған өнім («Meat Processing Group» ЖШС), «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар.

Серік Жұманғарин мал шаруашылығы бизнесінің өкілдеріне саланың негізгі мәселелерін және оны дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылауға ұсынды.

Биылғы жылы біз СҚО-ның жемісті тәжіриебесін бірқатар облыстарда енгізуге дайынбыз, осы арқылы еліміздің сүтке, құс етіне және көкөніске деген ішкі сұранысын жауып, суармалы жер көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Алдағы жылдары мал шаруашылығы бойынша жобаларды қарастыруға дайынбыз.   Дамудың нақты векторларын анықтау үшін бізге сіздердің сараптамаларыаңыз қажет  Серік Жұманғарин

Ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев Қазақстанда мал шаруашылығы саласының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы, 2008 жылдан бастап, елімізде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бастау алып, мал бордақылау алаңдарын құруға және шағын фермерлік шаруашылықтарды қолдауға дейінгі кезеңдер туралы мәлімдеді.

Соңғы үш жылда біз саладағы белсенділіктің шамамен 80% — ға төмендегенін, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықтың айтарлықтай төмендегенін байқадық. Мал сатып алу шамамен 5 есеге төмендеді, кәсіпорындардың үштен бірі тоқтап тұр, қалғандары сатып алынатын мал басының көлемін едәуір азайтты, ет комбинаттары көбіне бос тұр. Негізгі себеп — мал мен ет экспортына енгізілген шектеулер. Экспорт көлемінің тарихи шыңы пандемияға дейінгі 2019 жылына келді, ол кезде тірі және ет түрінде ет баламасында 80 мың тонна экспортталды. Экспорттың шектелуіне және пандемияға байланысты бәрі ішкі нарыққа қысым жасады, көтерме баға 20% – ға төмендеді және бүкіл тізбекке таралды: экспорт жоқ — нарық қатысушыларының фермерлерден мал сатып алынбауы — мал басының азаюы — бизнестен шығу. Мәселені түбегейлі шешетін кез келді. Егер тұрақты экспорт пен валюталық кіріс болса, біз субсидиясыз жұмыс істеуге дайынбыз Мақсат Бақтыбаев 

Саланың дамуы үшін бізге субсидиялар емес, әділ баға қажет. Оған қол жетудің бірнеше жолы бар: экспортты шектеудің қажеті жоқ, бірақ SWOT талдау  жасап, бағасы жоғары 10 елдің қатарына тірі малдың экспорты, ет экспорты не беретінін саралау керек. Арзан жем қажет. Тек мал шаруашылығында ғана емес, көкөністе де статистикаға қатысты сұрақтар көп  Ақтөбе облысы, «Актеп» КТ Нұрлан Сағналин 

Іскерлік таңғы астың қорытындысы бойынша қатысушылар мал шаруашылығы саласының өкілдері қысқа мерзімде ортақ шешім мен ұсыныстар саланың негізгі мәселелерін қалыптастырады деп келісті. Олар бір айдан кейін үкімет деңгейінде қаралады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика