Маңғыстауда «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығына» 600 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Маңғыстауда «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығына» 600 АЕК көлемінде айыппұл салынды

210 Арман

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ақционерлік қоғамының Маңғыстау филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тексеру нәтижесінде автокөлік құралдарының сәйкестігін бағалау рәсімдерін жүргізу және көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу кезінде ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының талаптары бойынша 400-ден аса бұзушылық анықталды.

Департаментпен ҚР «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 415-1-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталып, 600 АЕК көлемінде айыппұл салынды және сынақ зертханасының ТР ТС 018/2011 бөлігінде аккредиттеу аттестаты 6 (алты) ай мерзімге тоқтатылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика