Домой Қазақша Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

327
0

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

273 rob

2022 жылғы 17 қаңтарда Маңғыстау облысы Қоғамдық  коммуникациялар орталығы алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Нұрлыбек Өзбекұлы Айжарықовтың  қатысуымен  «Крещение Господне» іс -шарасын  өткізу кезіндегі қауіпсіздік шарлары туралы» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде «Крещение Господне» рәсімін өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда. Жаппай шомылуды өткізу үшін облыс әкімдігі Ақтау қаласының аумағында орналасқан бір орынды, атап айтқанда «Бриз» Яхт-клубының шағын ауданын белгіледі.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖ департаментінен 73 қызметкер және 23 техника бөлінетін болады.

Бұл жерде қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді, сондай-ақ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, жедел медициналық жәрдем және Апаттар медицинасының дәрігерлері кезекшілік ететін болады.

Ертеңнен бастап Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылатын болады, іс-шара өткізілетін жерде қауіпсіздік бекеттері мен құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.

Суық суға түспес бұрын, физикалық жаттығулар жасау арқылы денені жылыту керек. Сондай-ақ, орамал, жылы құрғақ заттарды, ыстық шай термосты бірге алу керек. Алкоголь ішуге және суға секіруге тыйым салынады. Жаңадан бастаушылар суға толығымен батып кетпеуі керек, суға батыру үшін 10-15 секунд жеткілікті, соңында құрғақ сүлгімен сүртіп, жылы құрғақ заттарды киіп, ыстық шай ішу керек.

«Ең бастысы, суға шомылу құтқарушылардың, дәрігерлердің, полицияның кезекшілігі ұйымдастырылған арнайы жабдықталған орындарда, яғни жедел түрде қажетті көмек көрсете алатын қызметтерде болуы керек екеніне назар аударамын»  Нұрлыбек Айжарықов

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму