Маңғыстау Антикор медицина ұйымдарына комплаенс бойынша әдістемелік көмек көрсетті

Маңғыстау Антикор медицина ұйымдарына комплаенс бойынша әдістемелік көмек көрсетті

245 rob

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті медицина ұйымдарына комплаенс қызметі бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиынға Департаменттің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Айгүл Демеуова, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен 26 квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары, комплаенс офицерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және басқа да тетіктермен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларының бірі болып табылатыны белгілі.

Жиында Қайрат Байгебаев комплаенс қызметін ұйымдастыру мен оның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдағы тиімді құралдары жөнінде ақпарат берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі – комплаенс қызметін ұйымдастыру, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізу маңызды. Медицина ұйымдарында жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының сапасына мән беру керек, өйткені көпшілік мекемеде ішкі талдау жұмыстары формальді түрде өтеді. Сондықтан, медицина мекемелерінде комплаенс қызметіне арналған штат қарастыруды ұсынамыз»  Қайрат Байгебаев

Жиында Айгүл Демеуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартты енгізу туралы айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартты енгізген кәсіпорын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі талаптар мен ұсыныстардың жиынтығын алады. Әлемдегі ірі компаниялар да осындай халықаралық стандарттармен жұмыс істейді. Мемлекеттік басқару академиясынан оқытудан өтіп, сертификат алу үшін әдістемелік көмек ала аласыз»  Айгүл Демеуова

Өз кезегінде, квазимемлекеттік ұйым басшылары мекеме ішіндегі кеңесте штат бөлу мәселесін қарастыратындарын жеткізді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика