Маңғыстау Антикор кәсіпкерлердің шағымдарын тыңдады

Маңғыстау Антикор кәсіпкерлердің шағымдарын тыңдады

376 rob

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының м.у.а. Шамурайт Шаменов кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қабылдау жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мемлекет басшысы басым міндеттердің бірі – белсенді қазақстандықтардың кәсіпкерлік рухын тежейтін барлық жасанды кедергілер мен шектеулерді жою туралы айтты. Бизнесті мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізіп келеміз. Адал, бәсекеге қабілетті бизнес иелері үшін мемлекеттік органдар әкімшілік кедергілер жасамауы тиіс»  Шамурайт Шаменов

Қабылдауға 30-ға жуық кәсіпкер қатысып, мәселелерін жеткізді. Кәсіпкерлер нысандарға электр энергиясын қосу, құжаттарды заңдастыруда кездесетін әкімшілік кедергілер туралы шағымдарын жеткізді. Өз кезегінде, Департамент өкілдері арыздарды қабылдап, тиісті шешімдерді қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ жұмыс жүргізуде. Бизнеске кедергі келтірген фактілер туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласа аласыз.

Егер, сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына тегін хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика