232 Awrora
Мөлдір Абдуалиева ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі қызметінен кетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұған дейін ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметін басқарған.
2015 жылдың мамыр айынан 2018 жылдың мамырына дейін «Еуразия» Бірінші арнасының продюсері болды.
2018 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін — «Atameken Business» телеарнасының журналисі және жүргізушісі болып қызмет атқарды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мөлдір Абдуалиеваға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Источник: qazaq.asia