270 rob
Фотосурет: Ж.Жұмабеков
Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында депутаттар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің министрі лауазымына тағайындау үшін Марат Кәрімжанұлы Қарабаевтың кандидатурасын келісті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің министрі лауазымына тағайындау үшін Марат Кәрімжанұлы Қарабаевтың кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды.
Источник: qazaq.asia