Мәжіліс Әділет министрінің кандидатурасын келісті

Мәжіліс Әділет министрінің кандидатурасын келісті

257 rob

Фотосурет: Ж.Жұмабеков

Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Азамат Несіпбайұлы Есқараевтың кандидатурасын келісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Азамат Несіпбайұлы Есқараевтың кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды. 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика