МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

304 rob

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қабылдауда болған азаматтар Агенттік төрағасына мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау, әдеп жөніндегі кеңес жұмысы мәселелері және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдармен жүгінді.

Азаматтарға проблемалық мәселелерін шешу бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, өтініштері төрағаның жеке бақылауына алынды.

Өтініштер бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттеріне нақты тапсырмалар берілді.  

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика