219 rob
Меритократия қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директоры лауазымына Ниет Арыстанбеков тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ниет Қайратұлы Арыстанбеков 1992 жылы дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 13 жылдан асады.
2015 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді.
ҚР Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі консультанты, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті сарапшысы, бас сарапшысы, бас консультанты қызметтерін атқарды.
Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Н.Қ. Арыстанбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басқарма басшысы болды.
Меритократия мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаты ретінде мемлекеттік қызметшінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес оның еңбегі мен жетістіктерін ескере отырып, мансаптық ілгерілеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Источник: qazaq.asia