179 rob
Алқа тақырыбы туризм мәселелеріне арналғандықтан, отырыс Бурабай курорттық аймағында өтті. Сұрақтар мен міндеттердің ауқымы кең болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы мүлдем жаңа құрал – туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Бағдарлама жолдамалар ресми туристік агенттіктерден сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Демалушылармен қатар жергілікті туристік компаниялар да артықшылықтарға ие болады. Мысалы, жаңа бағыттарға (Абай, Ұлытау облыстары) шығындар сомасының 20% қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кешбэк 10% құрайтын болады.
Бүлдіршін саяхатшылар да назардан тыс қал,мады. Осы жылы Kids go free бағдарламасы шеңберінде Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады. 2022 жылы 1500 бала ұшақпен тегін ұшу мүмкіндігіне ие болды.
«Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Сонымен қатар, Kids go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды» Асхат Оралов
Сонымен қатар Оралов министрлік өз алдына 2030 жылға дейін орындалуы қажет жаңа міндеттер қойып отырғанын атап өтті – бұл саланың жалпы қосылған құнының көлемін ұлғайту туризмді дамытудың жаһандық индексі бойынша рейтингті жақсарту, ішкі туризм және келуші туристер санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.
Жаһандық рейтингтер туралы сөзінде министр 2019 жылдан Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілгендігін айтып өтті. Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 66-шы орынға жайғасты.
Айтып кету керек, Қазақстанға келуші туристердің саны 3 есе артып, 610 мыңға жетті. Осыған ұқсас кезеңнің қорытындысы бойынша 2021 жылы 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келді. Өсім 2022 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларын, ал 2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 млн. АҚШ долларын құрады. Елдің туристік тартымдылығын арттыру үшін «Қазақстанның Гранд-турының» негізіне кіретін бес басым бағыты әзірленді.
«Бұл қазірдің өзінде сұранысқа ие тартымды маршруттар. Бірақ олардың барлығы көптеген туристерді қабылдауға дайын емес. Сондықтан Министрлік әкімдіктермен бірлесіп инфрақұрылымды жақсартуды және таңдалған бағыттар бойынша туристер үшін жағдай жасауды, туризм саласы қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, туроператорлармен бірлесіп мақсатты нарықтарда турларды ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр» Асхат Оралов
Сондай-ақ, ТОП-10 дестинацияда, оның ішінде Мемлекет басшысының Балқаш көлінде және Алматы облысының ұлттық парктерінде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, туристік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.
Өткен жыл туристік демалыс үшін түрлі орын иелерінің табысының 160 млрд теңгеге дейін өсумен ерекшеленді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 60% — ға артық. Пайданың өсуі елдің барлық өңірінде тіркелді. Мысалы, Атырау облысында туристердің 3,5 есе өсуі байқалады, ал әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. Аталған кезеңде оңтүстік астана туристердің рекордтық санын – 1,2 млн. астам қонақты қабылдады. 5 өңірде (Астана қ., ШҚО+Абай, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстары) өсім 60% — дан 75% — ға дейін құрайды.
«Бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды күшейту, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін «ұзақ әрі арзан» кредиттердің қолжетімділігін арттыруды пысықтау қажет. Өңірлердегі бизнес мемлекеттің нақты пайдасын сезінуі керек. Үкіметтің экономикалық блогындағы әріптестеріммен туроператорлардың жобаларына кредит беру мерзімін, сондай-ақ берілген кредиттер бойынша субсидиялау лимитін ұлғайту мәселелерін пысықтауды сұраймын» Асхат Оралов
Асхат Оралов еліміздің тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін өскендігін хабарлады. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Осылайша, елдегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен тең болды. Алайда, бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған курорттарға жүктеме тіркелуде. Мысалы, «Шымбұлақ» курортында мереке және демалыс күндері өте ауыр жүктеме күніне 12,5 мың адамды құрайды, ал оңтайлы жүктеме күніне 6 мың адамды құрайды.
«Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуде тау-шаңғы кластерін кешенді дамыту қажеттігін атап өтті. Сондықтан курорттарды аспалы жолдармен бір экожүйеге қосу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту қажеттілігі туындайды. Біз инвесторларға түрлі жеңілдік ұсынып, аспалы жолдарды, ратрактар мен қар ататын зеңбіректерге кеткен шығынның 25% дейінгі өтеуге ниеттіміз. Сонымен қатар, тау-шаңғы курорттарына қажетті қармен жабдықтаудың тұтас жүйесіне де осындай өтеу тетігін қарастыру жоспарланып отыр» Асхат Оралов
Сөзін қорытындылай келе, министр азаматтардың ұсыныстарын қарастырып, барлық уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
Источник: qazaq.asia