Мәдени дәстүрлерді қолдау: Теміртау әкімінің сыйлықтары этномәдени бірлестіктерге табысталды

Мәдени дәстүрлерді қолдау: Теміртау әкімінің сыйлықтары этномәдени бірлестіктерге табысталды

208 rob

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртаудың этномәдени бірлестіктері қала әкімінің 300 мың теңге көлеміндегі сыйлығына ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Орталықтардың одан әрі дамуы және жемісті жұмысы үшін қаржылық қолдау көрсетілді.

Теміртауда тоғыз этномәдени бірлестік және қазақ мәдени орталығы бар. Олардың ортақ мақсаты-этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту. Қаладағы мәдени-көпшілік іс-шаралардың барлығы дерлік этномәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен өтеді. Олар қоғамдық бейбітшілік пен келісімді насихаттауға баға жетпес үлес қосады.

– Біздің орталық 1995 жылы құрылған. Ұзақ уақыт бізде өз орталығымыз болмады, бірнеше жыл бұрын бізге Достық үйінен орын берді. Біз оны сүйіспеншілікпен безендірдік. Орталықтың мүшелері облыстың барлық мәдени іс-шараларына қатысады, бізде үш топ вокал, хореография жұмыс істейді.Жастармен, оқушылармен жиі кездесулер өткіземіз. Біз оларға өз салт – дәстүрлеріміз туралы, сондай-ақ елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығы туралы айтамыз, – дейді «Понтос» грек мәдени орталығының төрағасы Деспина Касапиди. – Әкім сыйлығы біз үшін үлкен көмек. Өйткені, біз коммерциялық емес ұйымбыз.  Қалаларды жиі аралаймыз, сондықтан жаңа қойылымдар үшін костюмдер қажет. Мұның бәрі қаржылық шығындарды талап етеді. Бізге көңіл бөлгені үшін қуаныштымыз және одан әрі жемісті жұмыс істеуге дайынбыз.

Этномәдени бірлестіктерді дамыту үшін қала әкімінің сыйлығын тапсыру Теміртауда дәстүрге айналған. Биыл оның көлемі 300 мың теңгені құрады.

Салтанатты іс-шарада этномәдени бірлестік мүшелері өнерлерін көрсетіп және қолөнер шеберлерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылған.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика