Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

331 rob

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Ұлытау облысының Ұлытау ауданында үш адамды іздестіру-құтқару жұмыстары ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары арқылы сәтті аяқталды. Жоғалған адамдар Бұрмаш қыстауынан табылды. Зардап шеккен жоқ, медициналық көмекті қажет етпеді. Табылған адамдардың айтуынша, олар шыққан көлік 12 км қашықтықтағы Бұрмаш қыстауының жанында қар кептелісінде қалып қойған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында 2023 жылғы 2 қаңтар күні Қарсақпай кентінен үш адам көлікпен Бұрмаш қыстауына шығып, байланысқа шықпағаны туралы өтініш келіп түскен болатын. Адамдарды іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.

Жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Ұлытау облысының  ТЖ департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!

Осыған байланысты, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі маңызды ережелерді еске саламыз:

  • Азаматтар автомобильдермен жолға шықпас бұрын ауа-райына және дауылды ескертулерге назар аударуы керек;
  • Жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстырып, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы «112» бірыңғай нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.       

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика