Ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойы: Астанада салтанатты жиналыс өтті

Ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойы: Астанада салтанатты жиналыс өтті

218 rob

Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдық мерейтойы мен Қаржыгерлер күніне орай Астанада салтанатты жиын өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов, елорда мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов және қаржы жүйесінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қымбатты қаржыгерлер! Астана қаласы әкімінің атынан сіздерді Ұлттық валюта күнімен және кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Валютамыз, Ту, Елтаңба, Әнұран – Қазақстан тәуелсіздігінің, экономикамыздың тұрақтылығы мен табысының символы болып саналады. Бұл сіздердің еңбектеріңіз. Бюджеттік қаржыны тиімді басқару – қаламызды және елімізді дамытудың негізгі құралы. Келешекте де қаржы саласы өркендеп, елімізге экономикалық табыстар әкеле берсін! Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Мереке құтты болсын!» — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Глотов.

Жиында бір топ қаржы саласының қызметкері Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі – қала бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Ғалымжан Тапеев.

«Бүгін Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған Ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жыл толуына орай және қаржыгерлердің, яғни біздің кәсіби мерекемізге арналған салтанатты жиын көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Жұмыстарына толағай табыстар тілеймін!» — деді Ғалымжан Серікбайұлы.

Мерекелік іс-шара барысында әнші Дастан Оразбеков, Маржан Арапбаева, Зарина Омарова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова, Ұлықпан Жолдасов өнер көрсетті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика