Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі қазақстандық балаларға қашан және
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:elements.envato.com
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі қазақстандық балаларға қашан және қалай төлем аударылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында министр 2022 жылдың қорытындысы бойынша талқылаулардан кейін Қазақстанның Ұлттық қоры теріс табыс көрсеткенін ескере отырып, балаларға берілетін соманың негізгі параметрі үшін бірнеше жылдағы инвестициялық табыс алынатынын айтты.
«Өкінішке қарай, 2022 жыл әлемдегі барлық қор үшін, соның ішінде Қазақстанның Ұлттық қоры үшін де толық табысты болған жоқ. Осы факторды ескере отырып, біз сарапшылармен, Ұлттық банкпен өте қызу пікірталас кезінде бірнеше жылдардағы орташа инвестициялық табысты аламыз деген қорытындыға келдік. Әзірге 18 жыл деген қорытындыға келдік. Неге бірнеше жылдар бойы — өйткені ол бірқалыпты және өсім тұрақты болады.
Егер орташа жылдық кірісті алсақ, ол әрқашан оң болады. Жыл бойынша бір жерде 7 пайызға, бір жерде одан да жоғары, бір жерде теріс болады. Бірақ көбінесе — оң нәтиже. Сондықтан, лайықты және тұрақты табыс болады деп күтеміз. Жыл сайын балалардың шотына есептелген 50 пайыз оң кірістілік қамтамасыз етіледі», — деді Әлібек Қуантыров.
ҰЭМ басшысы 18 жасқа дейін балалардың есепшотына қанша ақша жиналуы мүмкін екенін де айтты.
«Бұл жерде 2024 жылдан бастап осы жүйеге кіретін балалардың әртүрлі кезеңдері, әртүрлі жасы туралы айтатын болсақ, олар 18 жасқа толған кезде әртүрлі табыстылыққа ие болатынын түсіну маңызды. Егер адам жүйеге кірсе, мысалы, 17 жастан бастап, сәйкесінше, оған шамамен 100-150 доллар есептелінеді. Егер бес жасар баланы алсаңыз, онда одан да көп.
Тіпті бірінші жылы кішкентай балалар 100-150 доллар алатын болса, келесі жылы олар былтырғы табыстың тағы 50 пайызын алатындығынан басқа, сол сома инверттелген болады. Осы жиынтық соманың барлығы қосымша инвестицияланады. Біздің есептеуіміз бойынша Ұлттық банк 18 жыл ішінде, егер бұл жүйедегі бала 18 жаста болса, шамамен 3,5 мың доллар», — деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, балаларға арналған шот автоматты түрде ашылады, мәліметтер Әділет министрлігінен келеді.
«Яғни, бұл үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Біз бұл аккаунтты белгілі бір веб-сайт немесе қолданба арқылы қадағалаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бала ол жерде өзіне қандай ақша түскенін көре алады, бірақ оны пайдалана алмайды. Бұл ақша кәмелеттік жасқа толғанша төленеді. 18 жасқа толған соң бала оқуға немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалана алады», — деді министр.
Бала қайтыс болған жағдайда жинақталған қаражатты отбасындағы басқа балалар арасында бөлу немесе туыстарына – қорғаншылар мен ата-аналарға беру жоспарланған. Азаматтық ауысқан жағдайда ақша Ұлттық қорда қалады.
Осы және басқа да ақпарат жайлы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сұхбатынан оқи аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia