350 Awrora
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының клубында «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу» тақырыбында ақпараттандыру сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оған Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ақпараттық ағартушылық пул спикері Жомарт Абишев және Жастар мен балалар одағының өкілі, ұйымдастырушы Қуаныш Сүлеймен қатысты.
Жамаладен Ибрагимов Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы елдеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес әдіс-тәсілдері жайлы баяндады. Шетелдердегі жемқорлықпен күрес жолдары жайлы айта отырып, тәжірибелерін мысал етті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің қызмет барысындағы туған-туыстарымен қарым-қатынасы жайлы айтылды. Мұндағы басты мақсат – елордада парасаттылық идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Ал Жомарт Абишев заңсыз іс-әрекеттің қазақы танымдағы түсінігі жайлы сөз етті.
«Ұят пен ар сөздері синоним. Бірақ екеуінің салмағы екі түрлі. Ұят арды оятады. Арлы азамат қоғамға жат, адамға зиян іс-әрекеттерді жасамайды. Ар-ұяты бар қызметкерлер жемқорлықтан да алыс жүреді» Жомарт Абишев
Айта кетейік, жиында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Әскери полиция басқармасының аға офицері подполковник Асхат Балтабаев модераторлық етті.
Источник: qazaq.asia