Ұлттық Ұландағы Бос орындар жәрмеңкесі: болашақ әскери қызметшілерге мүмкіндіктер мен жеңілдіктер

Ұлттық Ұландағы Бос орындар жәрмеңкесі: болашақ әскери қызметшілерге мүмкіндіктер мен жеңілдіктер

225 rob

Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

5518 әскери бөлімінде өткен шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайынан хабардар етті.

— Шара мақсаты әскери қызметке лайықты тұлғаларды тарту.  Жауынгерлік тәртіпке ниеттілермен кеңірек диалог құрып, жұмысқа қабылданушыға қойылатын талаптарға қаншалықты сай екендіктерін анықтау, — дейді 5518 әскери бөлімі штаб бастығының аға көмекшісі аға сержант Серікболат Дәлелханов.

Алексей Дегтяров Абай облысы Үржар ауданының тумасы. Болашағын Өскемен қаласымен сабақтастырғысы келген азамат алғашында жиһаз цехында жұмыс істепті. Алайда, жалақысы маңдымай, әмбе тұрақсыз болғандықтан шығып кеткен. Алдағы уақытта өзін Ұлттық ұлан қатарынан көргісі келеді.

— Мұнда ең бастысы  тұрақты  жалақы, сондай-ақ түрлі сыйақылар қарастырылған. Әскери қызметшілерді тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етеді. Ал тұрғын үйге мұқтаж жандар үшін әртүрлі әскери бағдарламаларда жыл сайын жүзеге асып келеді, – дейді қала тұрғыны Алексей  Дегтяров.

Алексей  алдағы уақытта 3477 әскери бөлімінде қызмет атқарамын деп жоспарлап отыр.Ол өзіне қажетті  әскери бөлімді жекелей пікір алмасу барысында айқындады. Жиында әскери қызметке  қызығушылық танытқандар  үшін  арнайы сауаланамалар жүргізілді.Әскери қызметтің қыр-сырына қанық болғандар  жұмысқа қабылдану үшін қандай құжаттың қажеттігін біліп тарқасты. Еске салайық, бос орындар жәрмеңкесі желтоқсан айында жалғасын таппақ.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика