202 rob
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтың басшылығымен ТжӘҚЖ Бас басқармасы, Ақпараттық-баспа бөлімі және Ән-би Ансамблінің биыл атқарған жұмыстары қорытындыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жиын барысында аталған бағыттарға жауапты лауазымды тұлғалардың баяндамасы тындалып, бір жылдық жұмысқа сараптама жасалды. Құқықтық тәртіп әскеріндегі тәрбие-идеологиялық жұмыс, заңдылық пен тәртіп, ақпараттық-имидждік жұмыс барысы бойынша қорытынды есептер берілді. Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі генерал-майор Қайрат Үмбетов қорытынды жиын кезінде жыл бойындағы кемшіліктерге тоқталып өтіп, кей лауазымды офицерлердің қызметтеріне қатысты сауалдарын қойды.
Бүгінгі шараның мақсаты – ағаттыққа жол берген офицерлерді анықтау емес, керісінше қызмет барысында жіберілген олқылықтардан сабақ ала отырып оларды түзету. Сондайақ әскердегі тәрбие жұмысына баға беру. Алдағы жылға жоспар құрап, оны құжаттама түрінде нақтылау. Тәрбие жұмысы әскерде үлкен мәнге ие. Сіздерге жүктелген тапсырмалар аса маңызды бағыттардан тұрады. Әсіресе, ақпараттықимидждік жұмыстардың маңызы зор. Бізге жетістіктерді арттыруға мүмкіншіліктеріміз де, күш-жігеріміз де жеткілікті. Жоғары басшылық тарапынан қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта да бұл үрдіс өз жалғасын табады Генерал-майор Қайрат Үмбетов
Жиынды қорытындылаған Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі ТжӘҚЖ Бас басқармасы, Ақпараттық-баспа бөлімі және Ән-би Ансамблінің жеке құрамымен пікір алмасып, алдағы жылы орындалуы тиіс нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, барша қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Источник: qazaq.asia