Ұлттық ұлан сарбаздары мерзімді қызмет кезінде несие төлеуден босатылды

Ұлттық ұлан сарбаздары мерзімді қызмет кезінде несие төлеуден босатылды

228 rob

Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан сарбаздары несие төлеуден уақытша босатылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігімен  сарбаздарға «несиелік демалыс» беру туралы  меморандумға  қол қойылды.  Осыған орай,  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына  қарасты 5518 әскери бөлімінің заңгерлері  кредиттік ұйымдарға барып, сарбаздардың несиесін  шегеру  жұмыстарын жүргізді.

— Өкінішке орай, жас жігіттер әскерге дейін  «ер жігіттің мойнында  қыл арқан шірімейдіге»  салып,  несие  үстінен  несие  ала берген.  Әсіресе,  микроқаржы ұйымдарынан ақша алғандардың саны басым. Егер  оларды уақытша тоқтатпаса, берешек те күн санап өсіп, несие тарихына да нұқсан келмек. Сондықтан азаматтық борышын өтеуге келген  жүз шақты борышкер-сарбаз  әскери бөлім  заңгерлерімен бірге банк бөлімшесіне барып, несие төлемдерін уақытша тоқтату туралы  өтініш қалдырды,  —  дейді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Еске салайық, бұдан  былай  сарбаздар  әскердегі 1 жыл қызметі барысында    банктер тарапынан   несиелік берешекті өндіріп алу үшін  борышкерлерді сотқа  беруін уақытша тоқтатады.  Мерзімді әскери қызметшілер азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін ғана несиесін өтеуді жалғастырады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика