Домой Қазақша Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді

20
0

Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді

244 Awrora

Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жаңа жыл мерекесі аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол әскери салада елеулі ісімен есте қалған тағылымы мол тұлғалардың үйлеріне барып, мерейлі мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

 

«Жаңа жылға адымдар қарышты қадам – өткенге салауат айтудан басталмақ. Яғни, кешегі күндерден сабақ алмай, ертеңге үңілу қисынға келмейді. Сондықтан, мерейлі мерекеде Ұлттық ұланның қатарында қажырлы еңбек еткен азаматтарға алғыс білдіріп, жаңа жылдарымен құттықтауды жөн санадық. Ел үшін табанды қызмет атқарған әскерилер әрқашан бүгінгі жауынгерлер назарында» «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев

Шара барысында өңірлік қолбасшылықтың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдар Оразбаевта ардагерлерге құрмет көрсетіп, сый-сыяпат ұсынды. Ал қазыналы қарияға айналған кешегі офицерлер болса әскери қызметтегі естелік оқиғаларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Жүздесу соңында Өскемен қаласындағы бірнеше ардагерлер үйлерін аралаған құттықтаушы тарапқа көнекөздер де жылы лебіздерін жолдады.

«Мен зейнеттегі бар уақытымды шығармашылыққа тарту етудемін. Кезекті туындыма кірісер тұста, есігімді қағып, есімімді ескерген Ұлттық ұланға көп рахмет айтамын. Мен білетін әскери саланың бұл түрі қызметте де ұйымшыл, бауырмал еді. Сол әдетінен әлі де таймапты. Жаңа жыл толайым табысқа толы болғай» Отставкадағы подполковник Любик Чикинов​​​​​​​

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму