Ұлттық экономика министрі Ұлытау облысының кәсіпкерлерімен ШОБ дамыту мәселелерін талқылады

Ұлттық экономика министрі Ұлытау облысының кәсіпкерлерімен ШОБ дамыту мәселелерін талқылады

239 rob

Кездесуге қатысушылар бюджеттік механизмдерді жеңілдету, мемлекеттік сатып алу, бизнесті несиелеу, салық саясаты және т. б. мәселелерді көтерді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жекеменшік медициналық ұйымдардың өкілдері Жезқазған облыс орталығына айналғаннан кейін, тығыздық коэффициенті өзгергенін айтты. Қаржыландырудың қысқаруы медициналық қызметтің сапасына әсер етуі мүмкін. Енді олар жаңа норманы өзгерту мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

 
Ә.Қуантыров атап өткендей, бұл мәселе жауапты министрлікпен бірлесіп қаралатын болады.
 
«Жаңа өңірлерді құру туралы шешімге байланысты Жезқазған облыс орталығына айналып, жаңа міндеттемелерді қабылдады. Осыған байланысты, белгілі бір бағдарламалардың ережелері қолданылмайды. Мысалы, «Бизнестің жол картасы» арқылы субсидиялау. Өздеріңізге белгілі, Жезқазған енді моноқала емес. Бұл мәселені ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп шешеміз. Негізі аймақтық стандарттар жүйесі ескерілуі керек», — деді министр.

 
Өз кезегінде, елге асыл тұқымды ірі қара мал әкелген бірқатар шаруа қожалықтары есеп шоттарының негізсіз бұғатталғанын айтты. 2018-2019 жж. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті малды есепке алу әдісімен елге өткізуге рұқсат берген. Бірнеше жылдан кейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салалық Республикалық палаталардың қорытындысының жоқтығына байланысты айыппұл салды.

 
Фермерлердің мәселесі өткен жылдың соңында Үкімет деңгейіндегі Мемлекеттік комиссияның отырысына шығарылып, тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілген болатын. Осыған байланысты шаруа қожалықтарының мерзімі өтіп кеткен несиелері бойынша «Бәйтерек» холдингі айналысуда.

 
Сонымен қатар, кездесу барысында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, әуе бағыттарын субсидиялау және индустриялық аймақтарды ашу мәселелері талқыланды.
 
Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне барды. Жиналыс барысында ТМРК жұмысының негізгі бағыттары, оның ішәнде тарифтік саясат, желілерді модернизациялау үшін инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Ә.Қуантыров тарифтерді белгілеу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды және халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

 
Сонымен қатар, министр «Даму» Қорының аймақтық филиалында болды. 2022 жылы Ұлытау облысында 4,7 млрд. теңге несиеге 203 жоба субсидияланды, 3,8 млрд. теңгеге 181 жобаға кепілдік берілді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика