Әли Бектаев еліміз Президентінің бастамасымен жүзеге асқан реформалардың барысын талқылады

Әли Бектаев еліміз Президентінің бастамасымен жүзеге асқан реформалардың барысын талқылады

268 rob

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру барысын ауыл тұрғындарымен бірге талқылады. Кездесуге қатысушылар Президенттің бастамасы бойынша Әділетті Қазақстанды құруды көздейтін саяси және экономикалық реформаларды қолдау жөніндегі Сенат жүргізіп жатқан заң шығару жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды.

«2022 жылы біздің елімізде жаңа кезең басталды. Президент бастамасы бойынша жүзеге асқан реформалар аясында Парламенттің рөлі мен ықпалы арта түсті. Бұл қадамдар Қазақстанды одан әрі демократияландыруға бағытталған деп санаймыз» Әли Бектаев

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртудың, ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартудың және білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелерін де талқылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика