Фото: inbusiness.kz
Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институт құрылуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық» НҚА порталында тиісті құжатты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін», — делінген құжатта.
Еңбек және халықты қорғау министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, бұл жобаны қабылдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
«Жобаны қабылдаудың мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп қалпына келтіру мақсатында өз қызметін ерікті негізде жүзеге асыратын Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын енгізу болып табылады», — деп көрсетілген Жарлық жобасында.
Источник: qazaq.asia