202 rob
Фотосурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізді. Басқосудың негізгі мақсаты еліміздегі креативті индустрияларды дамытуға арналды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараға мемлекеттік және жеке секторлардың, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтағы креативті индустрияның даму динамикасын талқылап, жергілікті қажеттіліктер мен әлеуетті ескере отырып, саланы дамыту бойынша БҰҰДБ ұсыныстарын талқылады.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы осы салада мемлекеттік қолдау шараларының пакетін әзірлеуді, барлық өңірлерде креативті хабтар құруды тапсырды. БҰҰДБ және өңірлердегі әріптестерімізбен бірге фасилитативтік сессиялар өткіздік. Аймақтарды кластерлеу бойынша жұмыс бастауды жоспарлап отырмыз»,-деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.
ҚР МАМ таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамытумен айналысатын, сондай-ақ өнімдерді, зияткерлік қызмет нәтижелерін экспорттап, коммерцияландыруға жәрдемдесетін «Креативті хаб» халықаралық креативті индустрия орталығы» корпоративтік қорын құруды жоспарлап отыр.
Депутаттық корпуспен бірлесіп креативті индустрия саласын қолдау мәселелері бойынша бірқатар заңдарға түзетулердің жобасы әзірленді. Сондай-ақ авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау, креативті индустрия майталмандары үшін қолдау шаралары мен преференциялар және т.б. бойынша мәселелердің тұтас кешені пысықталуда.
Дөңгелек үстелдің алдында БҰҰДБ ұйымдастыруымен бірнеше өңірдегі креативті индустрияны дамыту мәселелері бойынша аймақтық сарапшылық кездесулер өтті. Сарапшылық кездесулер аясында шығармашылық кәсіптерде цифрлық шешімдерді қолдану бойынша шеберлік мастер сабақтары ұйымдастырылды.
«Біз Қазақстандағы өңірлердің тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуындағы креативті индустриялардың маңызды рөлін көріп отырмыз. Бұл саланың өкілдері бизнестің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесіп қана қоймай, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстарды нығайта отырып, қоғамның интеллектуалды және эмоционалды дамуына үлес қосады. Көптеген таланттары мен шығармашылық әлеуеті бар жергілікті жастарды тартуға ерекше назар аудара отырып, осы секторды қолдау маңызды», — деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Катаржина Вавьерниа.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен БҰҰДБ басқа мүдделі тараптарды тарта отырып, шығармашылық индустрияны дамытуды ынталандыру бойынша бірлесе жұмыс жүргізуге келісті. Өңірлерде, әсіресе, Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарында, креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Источник: qazaq.asia