Ұландықтар жас жігітті есірткімен ұстады

Ұландықтар жас жігітті есірткімен ұстады

180 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Теміртау қаласында Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу қызметі кезінде ер адамды есірткімен ұстады, деп хабарлайды DKNews.kz.

20 қарашада сағат 21:15 шамасында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның әскери жасағы 2003 жылы туған азаматты құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында ұсталған адамның бұрын тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған деген күдікке ілінгені анықталды. Осыдан соң әскери қызметшілер Теміртау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобын азаматты тоқтатқан жерге шақырды. Жасақ құрамында жасақ бастығы — қатардағы жауынгер Береке Иманғали және патрульдеушілер – қатардағы Қыдырәлі Керімбек, Берік Ақберді және Арман Орынбек болған.

— Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сырттай тексеру кезінде күртешенің қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді, — деді әскери жасақ бастығы қатардағы Береке Иманғали.

Содан кейін құқықбұзушы Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика