Ұландықтар өңір жастарына әскери қызмет туралы айтып берді

Ұландықтар өңір жастарына  әскери қызмет туралы айтып берді

291 rob

Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы «Ұлттық ұлан – ел айбыны»  акциясы  аясында жауынгер рухы мен жігерін арттыратын мәдени танымдық іс-шараларды Батыс Қазақстан облысындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері және мектеп бітіруші түлектерімен кездесулер өткізіліп, әскери оркестрдің  концерттік бағдарламасын паш етті.

Ақпарат-насихаттық тобының негізгі мақсаты жастарды Отан сүйгіштікке, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Ұлттық ұлан әскер қатарына қызметке шақыру, Ұлттық ұланның Петропавл қаласында орналасқан әскери академиясына оқуға түсу талаптарын түсіндіру. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін  Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметі мен әскери дәстүрін дәріптеу.

Осы сапар барысында  мекемелер мен ұжымдар басшылары, қарым-қатынас жасайтын органдар  қызметкерлері, жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттерімен  кездесулер өткізіп, кездесу соңы   5517 әскери бөлімінің  үрмелі аспаптар оркестрінің  мерекелік  гала -концерттік бағдарламасына  ұласты. 

Акцияға  жиналғандар алдында   5517 әскери бөлімінің офицерлері сөз сөйлеп, Ұлттық ұланның атқаратын міндеттері және әскери оқу орнына түсу талаптары туралы жеткізді.

Кеште шырқалған патриоттық әндер мен айтылған жалынды сөздер жиналған жұртшылықтың рухын көтеріп, жүрек түкпірінде жатқан Отанға деген асқақ сезімді тулата түсірген еді. Сол күні жалт-жұлт ете, мейлінше көрікті көрінетін әскери адамдардың киімдері де болашаққа үлкен қадам жасағалы отырған оқушыларды абыройлы қызметке еліктірмей қоймасы сөзсіз еді. Шара барысында мультимедия арқылы жас азаматтардың Ұлттық ұлан әскерлерінің әскери қызметке қызығушылықпен, жауапкершілікті көзқараспен қарауын арттыруға бағытталған  «Мемлекеттің Ішкі күші» атты бейнекөрсетілімді тамашалауға мүмкіндік жасалды.

Осындай,тағылымды шаралар  нәтижесінде жастардың  әскери өмірге деген қызығушылықтары артып, алдағы уақытта әскер қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтегісі және әскери оқу  орындарында білім алғысы келетіндер қатары  көбейетініне сеніміз мол.

Капитан Әубәкір Ертуған

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика