Ұландықтар қаржы мамандарына құрмет көрсетті

Ұландықтар қаржы мамандарына  құрмет көрсетті

333 rob

Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

15 қараша экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – «Қаржыгерлер күнін» тойлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы күнді таңдау еліміз үшін кездейсоқ емес. Өйткені бұл күн – ұлттық валютамыз теңгенің 1993 жылы 15 қарашасында жалпы айналымға енуімен байланысты. Маңызды мерекенің күнтізбедегі орнында да жалпы халық арасында да биік мәртебесі бар.

Мереке қарсаңында ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері, қаржы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бағалы сыйлықтармен алғыс хаттар табыс етті.

— Сіздердерді өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы атынан Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік, Тәуелсіз Қазақстанымыздың экономикасының қаржылай ақуалын нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін, — деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Нариман Акбаров өз сөзінде. 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика