256 rob
Жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары «Крещение Господне» православтік мерекесін атап өтеді, оның барысында мұз ойықтарында жаппай шомылу ұйымдастырылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жыл сайын бұл аталмыш мереке жаппай сипатқа ие болып, суға шомылуға келетіндердің саны артуда.
Осыған орай, егер Сіз суға шомылу рәсіміне қатысуға бел бусаңыз, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Сізге келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
- арнайы жабдықталған және күзетілетін орындарда суға шомылыңыз, бұл орындарда қажет болған жағдайда сізге уақтылы білікті мамандар көмек көрсете алады. Бұл мақсатта қаламызда екі арнайы орындар дайындалған, бұл су ойықтары ағаш және темір торларды қолдана отырып, қауіпсіздік құралдарымен жабдықталып («Гранд Алатау» ТК ауданы және «Астаналық» саябақ жағалауы) жасалған;
- мұзойыққа кірерде, терең тыныс алып, деміңізді ұстаған күйде суға кіріңіз. Судан шығар жерде сізді біреу орамал және халатпен күтіп тұрғаны абзал. Мұзойыққа кірерде резеңке аяқ киім киюді ұмытпаңыз;
- суға шомылар алдында түрлі жаттығуларды жасай отырып, денені қыздыру қажет;
- аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін, ойыққа ыңғайлы, тайғанақ емес және оңай сырғитын аяқ киіммен бару керек. Ойыққа жету үшін қысқы аяқ киімді қолданған дұрыс, сондай-ақ мұзда сырғанамайтын арнайы резеңке аяқ киімді қолдануға болады. Есіңізде болсын, ойыққа баратын жол тайғақ болуы мүмкін. Ол жерден баяу және мұқият өтіңіз;
- суға түсетін баспалдақтың тұрақты екеніне көз жеткізіңіз;
- ешбір жағдайда суға баспен секірмеңіз, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан есеңгіреп қалуыңыз мүмкін;
- жалпы ағзаның салқындауын болдырмау үшін ойықта 1 минуттан артық тұрмаңыз;
- мас күйінде шомылуға жол берілмейді;
- егер сізбен бірге бала немесе қарт адам болса, оны ойыққа шомылған кезде бақылаңыз. Қорқып қалған бала жүзуді оңай ұмытуы мүмкін;
- шомылғаннан кейін сүлгімен сүртініңіз, құрғақ жылы киім киіңіз және ыстық шай ішіңіз.
Сондай-ақ, мына адамдарға суға шомылмауға кеңес береміз:
- балалар мен қарт адамдарға;
- бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
- жүрек қан тамырлары аурулары бар адамдарға.
Сонымен қатар, «Крещение Господне» мерекесі кезеңінде жаппай шомылуға қатысатын елорда халқының қауіпсіздігін жүзеге асыру мақсатында, іс-шаралар өткізілетін жерлерде Астана қаласы ТЖД, жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады. Іс-шараға жеке құрамнан 31 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылады. Шара өтетін орында шомылуды ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін қосымша нұсқамалар өткізіледі.
Источник: qazaq.asia