265 rob
Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Қанат Қабиболлаұлы Доспаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Крещение» мерекесі кезінде су қоймаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
19 қаңтарда православ әлемі «Крещение Господне» мерекесін атап өтеді, дәстүр бойынша, бұл мереке күні су қоймаларындағы ойықтарда адамдар шомылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар шомылуға арналған 33 орынды анықтады.
ЖАО ақпараты бойынша: Орал қаласы — 13, Бөрлі ауданы — 7, Бәйтерек – 4, Теректі – 3, Казталов және Тасқала аудандарында – 2, Ақжайық және Шыңғырлау аудандарында — 1, Қаратөбе, Сырым, Бөкей ордасы, Жаңақала және Жәнібек аудандарында шомылу орындары жоспарланбаған.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық жабдықталған орындарда кезекшілікті жүзеге асыратын болады. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен барлығы 100-ден аса қызметкер және 30-дан аса техника кезекшілік ететін болады.
Сондай-ақ, шомылу орындары мен шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері жарияланды. Олармен instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында танысуға болады.
Суға түскісі келетіндер үшін:
- шомылу рәсімін құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана жүргізуге болады;
- шомылудан бұрын денені жылытып, қыздырып алу керек;
- шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек;
- мұздың шағын бөлігінде бір уақытта 20-дан астам адамның болуына жол бермеу керек;
- ми тамырларының тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, мойынға дейін батырған дұрыс;
- су қоймасының мұзына автокөліктердің шығуына қатаң тыйым салынады;
- алкогольді ішпеңіз. Балалардың тек ата-аналарымен ғана шомылуына рұқсат етіледі;
- шомылғаннан кейін сүлгімен сүртініңіз, ыстық шай ішіңіз;
- созылмалы аурулары бар адамдарға шомылу ұсынылмайды;
- төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Источник: qazaq.asia