«Крещение господне» мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

«Крещение господне» мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

259 rob

Ағымдағы жылғы 17 қаңтар күні Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы және Апаттар медицинасы орталығы шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы «Крещение Господне» мерекесіндегі қауіпсіздік шаралары тақырыбында брифингке қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

19 қаңтарда православтық христиандар «Крещение Господне» мерекесін атап өтеді.

Шмылу рәсімін жүргізу үшін су айдындарында (өзендерде, көлдерде) 17 орын белгіленді.

Департамент пен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамы 2023 жылдың 18 мен 19 қаңтары мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін кезекшіліктің күшейтілген түріне көшіріледі.

ТЖД, ДП мен Денсаулық сақтау басқармасынан барлығы 183 адам және 40 бірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қаңтардың 18-19 күндері ауа температурасы орташа есеппен -15 және – 19 градус аяз болатыны күтілуде.

Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде шомылу жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз.

Суға сүңгуді жоспарлағандар үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:

  • екі-үш сағат бұрын мықтап тамақтану керек, бірақ алкогольдік ішімдік ішпеу қажет;
  • суға сүңгуден бұрын әр-түрлі жаттығулар жасап, денені жылыту қажет;
  • аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек. Шұңқырға жету үшін етік немесе жүннен жасалған шұлықты қолданған дұрыс.
  • дененің жалпы гипотермиясын (дененің суып кетуі) болдырмау үшін 30 секундтан артық шұңқырда болмаңыз;
  • шомылғаннан кейін (суға батырылғаннан кейін) өзіңізді және балаңызды түкті сүлгімен сүртіп, құрғақ киім киіңіз;
  • мұз астына түсіп кетпеу үшін мұздың кішкене бөлігінде адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек.

Есіңізде болсын, қысқы жүзу жіті және созылмалы (өршу сатысында) аурулары бар адамдарға қарсы көрсеткіш болып табылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика