218 rob
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының Жаңажылдық шыршасы қалалық офицерлер үйінде аталып өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мерекелік кешке жүзге жуық балдырған мен олардың ата-аналары қатысты.
Жаңа жылдық қойылымның негізгі мақсаты – көпбалалы әскери қызметшілердің отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Салтанатты кеште Аяз ата мен Ақшақар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар қарақшылар, ескі жыл – Қоян мен Жаңа жыл – Айдаһар бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар қойды. Іс-шарада әр бала ертегіге тартылып, кеш шоу-көрініс түрінде өтті. Балалармен арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Мереке соңында әрбір балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Источник: qazaq.asia