Командир Жаңа жыл қарсаңында балаларды сыйлықтармен қуантты

Командир Жаңа жыл қарсаңында балаларды сыйлықтармен қуантты

220 rob

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев мереке қарсаңында Қызылордадағы 35748 әскери бөлімінің бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Алмас Шұңғыловтың балаларына Қорғаныс министрінің жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Балаларға арналған спорттық костюмдер мен аяқ киімдерді, планшет пен сурет салуға арналған керек-жарақтарды, ойыншықтар мен басқа да тәтті сыйлықтарды жеті ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған батыр ана Жәмилаға арнайы жолдаған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов көптеген қазақстандықтар үшін тату отбасының үлгісіне айналған көп балалы отбасына деген жылы лебізін де білдірген.

Генерал-майор Қуанышбек Үштаевпен бірге келген Аяз ата мен Ақшақар да үлкен шаңыраққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қолбасшының көп балалы отбасыға жасаған мерекелік сапары балаларға әскердің ең алдымен үлкен әрі тату отбасы екенін, сондай-ақ мұндай үлкен ұжымда ешкім де қамқорлықсыз қалмайтыны көрсетті. Жаңа жылдық тосынсыйлар мен мерекелік көңіл-күй барша отбасына қуаныш сыйлары сөзсіз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика