Үкіметтік комиссия Алматы жатақханасындағы қайғылы оқиғаны зерттеп жатыр

Үкіметтік комиссия Алматы жатақханасындағы қайғылы оқиғаны зерттеп жатыр

224 rob

Фотосурет: NUR.KZ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.
Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика