Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырғанымыз жоқ — Смайылов Кеше, 11:09

Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырғанымыз жоқ — Смайылов
Кеше, 11:09

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әкімдіктердің инфляцияны тежеудегі жұмысын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:elements.envato.com

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әкімдіктердің инфляцияны тежеудегі жұмысын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біздің міндетіміз – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 10 пайыздан асырмау. Бұған қолжеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет.

Сіздерде қажетті құралдардың бәрі бар. Біз былтырғы егіннен қажетті қор жинақтап алдық. Сондықтан, белгіленген бағамен көкөніс өнімдерінен тапшылық болмауы тиіс еді. Әкімдіктерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырғанымыз жоқ», — деді Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтамай тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика