396 rob
Фотосурет: Gov
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі жылу орталықтарының жұмысын бақылау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков қалалық №5 Жылу орталығының жұмыс барысын бақылады. Бүгінгі таңда Жылу орталығы бірқалыпта жұмыс атқаруда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазіргі таңда Жылу орталығынан жылу талапқа сай беріліп тұр. Орталықта 5, 6, 7, 11, 12 қазандықтары жұмыс істеуде. Турбогенератор сағатына 5,5 МВТ электр энергиясын өндіруде. Резервте 8 қазандық бар. Жылу жүйесіне қажетті отындар жеткілікті. Күнделікті атқарылған жұмыстар қала басшылығының бақылауында. Жылу бойынша 109 байланысына келіп түскен арыз-өтініштермен мамандар жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, барлық коммуналдық салалар күшейтілген жұмыс режиміне өткен. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылу жүйесімен 346 көпқабатты және 2295 жеке тұрғын үй, 108 бюджеттік мекеме мен 441 коммерциялық нысан қамтылған.
Источник: qazaq.asia