136 Арман
Фотосурет: Zakon.kz / Павел Михеев
Жою кедендік рәсімі «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 329-бабында регламенттелген, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жою кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей жойылады.
Тауарларды жою деп тауарлар ішінара немесе толығымен жойылатын не өзінің тұтынушылық және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық жағынан тиімді тәсілмен бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес күйге келтіру түсініледі.
Жою кедендік рәсімі мынадай тауарларға:
- мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарға;
- індеттердің, эпизоотиялардың және карантиндік объектілер таралуының жолын кесу мақсатында оларды жою талап етілетін жағдайдарды қоспағанда, ҚР-ның заңнамасына және (немесе) ҚР-ның халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктерге, олардың бөліктері мен дериваттарына;
- кепіл қатынастары тоқтатылғанға дейін кеден органдары кепілзат ретінде қабылдаған тауарларға;
- алып қойылған тауарларға немесе тыйым салынған, соның ішінде ҚР-ның заңдарына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Комиссия оларға қатысты жою кедендік рәсімі қолданылмайтын өзге де тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
Егер тауарларды жою:
- қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін болса немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;
- тауарларды әдеттегі мақсатына сәйкес тұтыну арқылы жүргізілсе;
- ҚР-ның мемлекеттік органдары үшін шығыстарға алып келуі мүмкін болса, жою кедендік рәсімі қолданылмайды.
ҚР-ның Қаржы министрлігі «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 19 шiлдедегi № 774 бұйрығын әзірлегенін қосымша атап өтеміз.
Источник: qazaq.asia